Басты бет » Колледж туралы

Ішкі тәртіп ережесі


Ішкі тәртіп ережесі

І. Жалпы ереже

1.осы ереже колледжде білім алушылардың ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативтік құжат болып табылады;

2.білім алушылар (Колледжде директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

3.колледж білім алушыларының ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша Колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогкалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

4.білім алушылар қызметінің Ішкі тәртіп ережелерінің тексті  Колледждегі хабарландыру тақтасына ілінеді және Колледж білім алушыларының жолкөрсеткішінде көрсетіледі.

 

ІІ. Білім алушылардың негізгі құқықтары

      Колледж білім алушысы төмендегі құқықтарға ие:

1.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алуға;

2.келісім шарт негізінде білім алуға;  

3.ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға; 

4.өзінің жетістіктерін, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтете білуге;

5.колледж қызметінің маңызды мәселелерін, білім алушылардың қоғамдық ұйымымен қатар колледждің басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;

6.колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

7.барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, сондай-ақ колледждегі баспаларға, пәндік үйірмелерге қатысу мүмкіндігін алуға;

8.конференцияларға, Колледждің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылған барлық байқауларға, көркем өнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да іс-шараларға қатысуға;

9.оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

10.сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және Колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

11.колледж оқытушылары ұсынған факультативті курстарды таңдауға;

12.колледждегі студенттік өзін-өзі басқару органында сайлауға және сайлануға.

 

ІІІ. Білім алушылардың негізгі міндеттері

1.колледждің барлық формаларындағы білім алушылар таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);

2.мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға, қарыздарды уақытылы жоюға; 

3.колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылған ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

4.колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, білім алушылар пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

5.адам жетістіктерін және білім алушылар мен оқытушылардың ойын құрметтеуге, басқа тұлғалар ойына құрметпен қарауға, ал басқа анти қоғамдық көріністерге салқын қарауға;

6.колледждің оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты ұстауға, басқа білім алушылардың өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға, Колледждің іскерлік беделін құрметуге, қорғауға;

7.тәртіпті және ұйымшыл болуға, Колледждің барлық оқу және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, Колледждің оқу корпусында мәдени-көпшілік және қоғамдық іс-шараларға қатысуға;

8.тәртіпті және ұқыпты болуға, Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға, ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырынған болу керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүруі керек;

9.колледждің оқу бөлмелерінде, коридорларда және оқу базаларында толық медициналық формаларда Колледж әкімшілігімен бекітілген нұсқаулық бойынша – бейджигі бар медициналық халатпен, қалпақпен жүру керек, күн райының жауын-шашынды және қыс мезгілінде ауыспалы аяқ киім киуі керек, өзімен әрдайым студенттік билеті болуы керек. Колледждің аймағынан тыс жерлерде халатпен және қалпақпен жүруге тыйым салынады;

10.аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;

11.сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;

12.зертханаларда, емханаларда, ауруханаларда, кабинеттерде, сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек ғана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауы керек, суретке, ұялы телефондарға суретке  және бейне түсірілімге түсіруге тыйым салынады;

13.колледж ғимаратында «қоңырау/жауап/смс» функциялыры бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдерімен, фото-бейне камералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды (ұялы телефондар, планешеттер, смартфондар, смарт сағаттар, және соған ұқсас басқа да құралғалар) пайдалагуға шектеу қойылады; 

14.ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ старостасын, топ жетекшісін немесе бөлім меңгерушісіне хабарласуға; егер білім алушы сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ старостасын ескертпесе, ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда білім алушы амбулаториялық, емдік мекемелер немесе Колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

15.әрбір топта директор бұйрығымен бекітілген көптеген үлгерімі жақсы, тәртіпті білім алушылардың ішінен топ старостасы тағайындалады;

16.топ старостасының міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ білім алушыларының арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы кіреді;

17.топ старостасы тікелей топ жетекшісіне, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарларына, студенттік парламент өкіліне бағынады және олардың барлық айтылған және хат түрінде берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайды;

18.Білім алушылардың Колледжге кірулері вахтада студенттің бекітілген үлгідегі студенттік билетін көрсету арқылы жүзеге асырылады.

 

ІV. Колледж ғимаратында төмендегілерді жасауға тыйым салынады

1.қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, «наушник» пайдалануға, дөрекі сөйлеуге, сабақ барысында коридорларда жүруге;

2.дене жарақаттарын келтіруге немесе байбалам салуға, бір- бірімен жаман қатынас құрып бірін-бірі балағаттауға, басқалардың мүліктерін ұрлауға, басқаларды және колледждің жеке мүліктерін әдейі бұзып, агрессиялық немесе бұзақы қылықтар (актілері, сондай-ақ құқыққа қарсы қылықтар) көрсетуге;

3.мекемеде, аулада, аймақта, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, шашуға;

4.спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды пайдалануға;

5.қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдар мен бұйымдарды пайдалануға;

6.қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

7.шемішкелер мен құмарлық ойындар пайдалануға;

8.сабақта және аудиториядан тыс іс-шаралар барысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, «наушник» тығып және сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды Колледждің электр желілерінде зарядтауға;

9.жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерде және оларды ұзын етіп тағуға;

10.Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;

11.қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандай да бір жазу материалдарын жабыстыруға;

12.қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, ҚР заңнамасына  қайшы, тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттауға;

13.коридорлар мен сатыларда жүгіруге, басқа білім алушыларды итеруге, бір-біріне неше түрлі бұйымдар лақтыруға;

14.діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және Колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

15.колледжге шолақ шалбар, майка, сланцы киіп келуге, спорт киімдерін дене тәрбиесі сабағында немесе спорттық іс-шараларда ғана киюге;

16.оқу аудиториясына сырт киімдермен кіруге болмайды (пальто, күртеше, плащ, бас киімдер және т.б.);

17.сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;

18.сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатысыз кіріп шығуға;

19.өшпенділік, ұлттық және діни өшпенділіктерді қоздыруға жолданған іс-қимылдарды жібермеуге, ұлттық абыройды түсірмеуге;

20.колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз Колледждің түрлі құрлдары мен басқа да бұйымдарын шығаруға;

 

V. Білім алушы өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек:

1.академиялық жұмыстарды орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестация барысында өзіне немесе өзгеге көмектесу мақсатымен ақпараттарды заңсыз алу немесе шпаргалка пайдалану, көшіру;

2.біреулердің жетістіктерімен және шешімдерін өз ойының нәтижесі ретінде етіп бастыруға, ұрлап немесе тапсыруға;

3.құжаттарды, мәліметтерді, қолдан жасауға немесе көшіруге (оқу журналдарын, үлгерім кітапшаларын, студенттік билеттерді), сақталған ақпараттардың көшірмелерін жасауға, өзгертуге және басқа түрде қолдануға (сондай-ақ компьютерлік).

 

V. Оқу тәртібі, оқу уақыты және оны пайдалану

1.оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. 2 семестрден тұрады және берілген білім беруші – кәсіби бағдарлама бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады:

2.колледждегі оқу процессі оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес (дүйсенбіден сенбіге дейін) аптасына алты күн бойы жүзеге асырылады. Демалыс немесе мейрам күндеріндегі оқу ҚР  заңнамасына сәйкес кей жағдайларда ғана болады;

3.сабақ кестесін колледж директоры бекітеді және ол бекітілген орынға ілінеді;

4.барлық оқу және оларға қатысты орындарға сабақ басталғаннан кейін қалыпты оқу сабақтарын жүргізу үшін тыныштық пен тәртіп қамтамассыздандырылуы керек;

5.сабақ басталғанан кейін аудиториялардан білім алушылардың щығып кірулері оқытушының рұқсатымен ғана жасалады;

6.әрбір академиялық топта білім алушылардың үлгерімін есепке алу журналы орнатылған формада жасалады, күн сайын сабақ басталғаннан кейін оқытушы сабаққа қатысушылар мен келмегендерді белгілейді;

7.себепті жағдайлармен сабаққа келмеген жағдайда білім алушы келесі күні топ старостасын, топ жетекшісін және бөлім меңгерушісін хабардар ету керек және сабаққа келген күні ақтаушы сипатттағы мәліметтерді сақтайтын орнатылған үлгідегі құжатты және қатыспаған себебі туралы мәліметтерді ұсынады (анықтама, хаттар, телеграммалар және т.б.);

8.қатыспаған сабақтарды білім алушы директор орынбасарымен бекітілген кестеге  сәйкес өтейді. Қатыспаған сабақтарды білім алушы әдістемелік кабинетте кезекші оқытушымен сабақтан тыс өтейді.

 

VІ.  Оқу тәртібі үшін қойылатын жауапкершілік

1.Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу жоспарларын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз келесі шаралар қолданады:

-Ескерту;

-Сөгіс;

-Колледжден шығару;

Білім алушыларға төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:

а) осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;

б) оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

в) оқу орнына зиян келтіргені үшін;

г) есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

д) ҚР заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

Білім алушыға ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:

18 сағатқа – ескерту жарияланады;

36 сағатқа – сөгіс жарияланады;

72 сағатқа – колледжден шығарылады.

2.тәртіп шараларын қолдану Колледж директорының бұйрығымен ресімделеді;

3.құжаттарға салғырт қарағандары үшін (студенттік билетті, сынақ кітапшасын және т.б. жоғалтқаны үшін) білім алушыларға тәртіптік жаза қолданылады. Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі білім алушының Колледждегі оқу мерзіміне бір рет беріледі. Жоғалған студенттік билетті және сынақ кітапшасын білім алушы өз қаржысына қалпына келтіреді;

4.білім алушыға Колледж Жарғысын бұзғаны үшін қолданылатын жаза, алдын-ала жастар комитетімен келісіледі. Академиялық үлгермеушілігі және оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығарылуы жастар комитетімен келісілмейді;

5.тәртіптік жаза, сонымен қатар оқудан шығарылу, Колледж білім алушысына одан жазба түрінде түсініктеме алған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Білім алушының жазба түрде түсініктеме бермегені оған тәртіптік жаза шараларының қолданылуына кедергі етпейді. Әрбір тәртіпсіздікке тек бір ғана тәртіптік жаза шарасы қолданылады; Әрбір тәртіптік жаза шарасы жөніндегі мәлімдеме білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

6.тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік пен  жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады;

7.білім алушыларды ауырған жағдайда (құжатпен расталған кезде) академиялық демалыс кезінде оқудан шығару мүмкін емес; 

8.колледж білім алушыларын олардың құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған кездерінде оқудан шығару, ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, Колледж Жарғысымен анықталады: 

 

VІІ. Білім алушы Колледжден төмендегі жағдайларда оқудан шығарылады:

1.өз еркімен, соның ішінде ауруы бойынша және басқа оқу орнына ауыстырылған кезде;

2.академиялық үлгермеушілігі үшін сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағалар алған кезде, белгіленген уақыт ішінде академиялық қарызын өтемесе;

3.оқуы толық қарыздарды өтеу негізінде болған жағдайда, келісім-шарттарын бұзған жағдайда;

4.колледж Жарғысында және осы Ережеде көрсетілген міндеттерді өрескел немесе бірнеше рет бұзғаны үшін;

5.сот үкімімен заңды күшке енген қылмыстар жасалса, сондай-ақ білім алушының Колледждегі атағын даттайтын басқа да құқыққа қайшы әс-әрекеттер жасалса;

6.медициналық қажеттілікке жатпайтын, есірткілік заттар қолданған болса;

7.егер білім алушы себепсіз жағдайлармен сабақ барысында ағымдағы жыл бойы немесе оқу жылының семестрінде қатыспаған болса, сабақ басталған кезден бастап күнтізбелік ай ішінде оқудан шығарылуы мүмкін. 

 

ОҚУ БӨЛІМДЕРІ

PreviousNext

Мейіргер ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Абиева Ұлбосын Бексейітқызы

Дәрігер – терапевт.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, жалпы практика дәрігері, 2013 жыл.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша интернатура тәмамдаған, 2015жыл

Кешкі оқу бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Жабасахова Ұлжан Серікқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, ІІ санатты Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Мейірбике ісі бакалавры, 2012 жыл.

-          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының магистрі, 2017 жыл.

 

E-mail: Ulzhan.serikovna@mail.ru

 

Емдеу ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Шымбергенов Жасұлан Тасболатұлы

Дәрігер гигенист-эпидемиолог, І санатты педагог.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Дәрігер гигенист-эпидемиолог, 2006 жыл.

E-mail:zhasulan_orkeniet@mail.ru

Фотогалерея
Барлық суреттер