Басты бет » Талапкерге

Қабылдау ережесі


«Өркениет» медицина колледжі

 «Өркениет» медицина колледжіне

оқуға қабылдаудың 

ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда қаласы.

 «Өркениет» медицина колледжіне 

оқуға қабылдау 

Е Р Е Ж Е С І 

 

І. Жалпы бөлім

«Өркениет» медицина колледжіне оқуға қабылдау және емтихан алу комиссиясы өзінің жұмыстарын Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 желтоқсанында № 5030 нөмірмен тіркелген (өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 289, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 мамырда №5225 нөмірімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 278 бұйрықтармен енгізілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 7 маусымдағы №5716 нөмірімен тіркелген)

№587 бұйрығына, ҚР Білім және Ғылым министрінің 21 мамыр 2008 жылғы №289 бұйрығына (№587 бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтар №130 қаулысымен бекітілген . «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына»  сәйкес жүргізіледі. 

1.1.Талапкерлерден құжат қабылдауды, емтихан қабылдауды, оқушылар қатарына тіркеу конкурсын колледждің қабылдау комиссиясы жүргізеді. 

1.2.Қабылдау комиссиясы өз жұмысында ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілген тәртіпті, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің орта оқу орнына қабылдау ережесін басшылыққа ала отырып, «Өркениет» медицина колледжіне ҚР азаматтары, шетел азаматтары және ҚР-да тұрақты тұратын азаматтық алмаған азаматтар, негізгі орта, орта немесе алғашқы кәсіби білім бар ҚР-сы азаматы болып саналмайтын қазақ ұлтты тұлғалар арасындағы келісім-шарт негізінде оқу төлемақысын төлеу арқылы жүргізіледі. 

 

ІІ. Оқуға қабылдауды ұйымдастыру

2.1.«Өркениет» медицина колледжінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын маусым айының 20-нан басталады. 

2.2.«Өркениет» медицина колледжіне түсушілерден өтініштер қабылдау 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүргізіледі, күндізгі оқу нысанына қабылдау емтихандары 20 – 25 тамыз аралығында өткізіледі, оқушылар қатарына қабылдау конкурс негізінде 25-30 тамыз аралығында жүргізіледі.

2.3. орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша  оқудың кешкі  нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында құжаттарды қабылдау; 20 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында емтихан жүреді; 25 қыркүйек және 30 қыркүйек аралығында қабылдау конкурс негізінде өткізіледі.

2.4. Өтініш беру мерзімін, тәртібін, қабылдау емтихандарының жүргізілу кестесін қабылдау комиссиясы белгілейді. Оқуға қабылдау ережелері туралы, қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру туралы, қабылдау комиссиясының шешімдері, оқуға түсу емтихандарының кестесі, қабылдау емтихандарының нәтижелері туралы мәліметтер талапкерлерге өз мезгілінде жеткізіледі. 

2.5«Өркениет» медицина колледжіне оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, 086/е үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын (І және ІІ топтағы мүгедектер үшін ДЕЭК-ның қорытындысы) 3х4 мөлшерлі 6 суретін қоса тіркейді. Жалпы білім беру оқу орындарын ағымдағы жылы аяқтағандар мемлекеттік ҰБТ нәтижесінің сертификаты, комплексті тестілеу сертификатын, жеке басының куәлігін, туу туралы куәлігі немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын, еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді. 

2.6Қабылдау емтихандары жалпы орта білімі бар азаматтар үшін үш пәннен «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Биология пәндерінен кешенді тестілеу тапсырады. Бейінді пән – Биология. Негізгі орта білім бар азаматтар «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша Қазақ тілі, Биология пәндерінен кешенді тестілеу тапсырады. Бейінді пән – Биология. 

2.7Қабылдау емтихандарын (кешенді тестілеу) қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.Емтиханға себепсіз келмегендер ережеге сәйкес оқуға қабылданбайды. 

2.8Қабылдау емтихандарының түрі – кешенді тестілеу. Кешенді тестілеу кезінде әрбір пән бойынша 25 сұрақтан беріледі. Әр тесттің дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Кешенді тестілеуге үш пәннен 2 сағат 15 минут, ал екі пәннен 1 сағат 30 минут бөлінеді. Дұрыс жауаптарының коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады. 

2.9 «Өркениет» медицина колледжіне түсушілер қабылдау емтихандарын мемлекеттік тілде немесе ресми қолданылатын тілде тапсыра алады. 

2.10Оқу орнына түсушілердің құқығын қорғауға және емтихан нәтижелерімен келіспеушіліктерді шешуге, бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған аппеляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссиясының құрамы колледж директорымен бұйрық арқылы бекітіледі. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруге құқылы. Апелляция қабылдау комиссиясына емтихандардың нәтижесі хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде яғни, келесі күнгі 13.00 дейін беріледі және апелляциялық комиссия апелляцияға берген азаматтың қатысуымен шешім қабылдайды. 

 

ІІІ. Талапкерлерден құжат қабылдау тәртібі

3.1.Талапкерлерден құжат өтініші бойынша қабылданады және тіркеу журналына тіркеледі. Қабылданған құжаттар туралы қолхат беріледі. 

3.2.Құжат тіркелгеннен кейін талапкердің емтиханға жіберілгені туралы рұқсат қағаз беріледі.   

 

ІV. Оқушылар қатарына қабылдау

4.1.Колледждің оқушылар қатарына азаматтарды тіркеу конкурс негізінде 25-30 тамыз және кешкі оқу нысанына 25-30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Конкурсқа қатысатындар: 

-ҰБТ сертификатының балы; 

-Кешенді тестілеу сертификатының балы;  

-Жоғарғы оқу орындарында өткізілген кешенді тестілеу сертификатының балы; 

-«Өркениет» медицина колледжінде өткізілген кешенді тестілеу нәтижесінің балы; 

-Кәсіби орта оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес конкурс барысында тест құрамына кіретін пәндерден алған орта балы ескеріледі; 

-Негізгі орта білім негізінде екі пәннен 25 балдан төмен және жалпы орта білім негізенде үш пәннен 35 балдан төмен алған талапкерлер конкурсқа қатыстырылмайды.

4.2.Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқушылар қатарына қабылданады: 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, дәрігерлік-санитарлық сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша колледжде оқу денсаулығына зиянды әсерін тигізбейтін І, ІІ топтағы мүгедек және балалық шақтан мүгедек, орта мектепті үздік белгіге бітірген азаматтар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар), бейінді пәннен жоғары балл жинаған талапкерлер. 

4.3.Қабылдау комиссиясының отырысы хаттама арқылы бекітіліп, қабылдау комиссиясының төрағасы және жауапты хатшы қол қояды. 

4.4.Қабылдау комиссиясының шешіміне байланысты, колледж директоры қабылданған оқушылар тізімі туралы бұйрық шығарады. Оқуға түскен оқушылар тізімі көрінетін жерге ілінеді. 

Конкурстан өтпеген оқушыларға өтініштері бойынша, тапсырған емтихандары туралы анықтама беріледі. 

 

 

ОҚУ БӨЛІМДЕРІ

PreviousNext

Мейіргер ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Абиева Ұлбосын Бексейітқызы

Дәрігер – терапевт.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, жалпы практика дәрігері, 2013 жыл.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша интернатура тәмамдаған, 2015жыл

Кешкі оқу бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Жабасахова Ұлжан Серікқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, ІІ санатты Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Мейірбике ісі бакалавры, 2012 жыл.

-          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының магистрі, 2017 жыл.

 

E-mail: Ulzhan.serikovna@mail.ru

 

Емдеу ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Шымбергенов Жасұлан Тасболатұлы

Дәрігер гигенист-эпидемиолог, І санатты педагог.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Дәрігер гигенист-эпидемиолог, 2006 жыл.

E-mail:zhasulan_orkeniet@mail.ru

Фотогалерея
Барлық суреттер