Басты бет » Қызметтер

Оқу өндірістік жұмыс


Колледжде кәсіптік тәжірибе жұмысыҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығына сәйкес «Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу» ережесі, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 46-11 тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексіне және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен өзгерістер толықтырулармен), 2010жылғы және 2017жылғы МЖМБС негізінде жүзеге асырылады.

0301000 «Емдеу ісі» мамандығы, 0301013 «Фельдшер» біліктілігібойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыруға арналған үлгілік оқу бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2010 жылғы №604 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламаларына» негізделіп әзірленеді.

0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы, 0301033 «Жалпы практика мейіргірі» біліктілігібойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыруға арналған үлгілік оқу бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.08.2013 жылғы №492 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламаларына» негізделіп әзірленеді

     Кәсіптік тәжірибе бағдарламасының мазмұны емдеу-алдын алу мекемелері базасында жұмыс берушілермен бірлесе отырып әзірленеді. Тәжірибенің бағдарламасы емдеу-алдын алу мекемелері басшысының келісімімен және колледж директорымен бекітіледі. Кәсіптік тәжірибенің мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады

      Барлықкәсіптік тәжірибеге жіберілетін оқу топтарына директордың бұйрығы негізінде тәжірибе жетекшілері тағайындалады. Білім алушыларды кәсіптік тәжірибеге жіберу алдында колледждің тәжірибе бөлімінің меңгерушісі  және тәжірибе жетекшісі нұсқаулық беру жұмысын өткізеді, онда білім алушылар кәсіптік тәжірибе нұсқаулығымен, қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстырылып, тәжірибе құжаттарының (тәжірибе бағдарламалары, күнделік, қорытынды есебі) даярлауына бағыт бағдар береді.

Кәсіптіктәжірибенің соңында қорытынды  аттестация алынады, онда  кәсіптіктәжірибе күнделігі, жазбаша есеп, студентке берілген мінездеме(жалпы және денсаулық сақтау мекемесіндегі тікелей жетекші қолы қойылған болуы тиіс) тексеріледі. Кәсіптік тәжірибеден өткен білім алушының күнделігі тәжірибе бағдарламаларының тақырыптарына сәйкес толтырылады.

         Білім алушы кәсіптіктәжірибе есебінде өзінің білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, бағдарламаларға сай манипуляцияларды өзбетінше орындай алатынын, кәсіптіктәжірибе барысында өз қызметінің нәтижесіне талдау жасай алатынын: пациентке күтім жасау, диагностикалау, емдеу және түрлі пациент санатына шұғыл медициналық көмек көрсету, жүргізілетін емшаралардың тиімділігін бағалау, күрделі жағдайларда қарқынды терапияның және реанимацияның қазіргі әдістерін қолдана алатындығын көрсетеді. Студентті бағалауда ескеріледі:

-бағдарламаны орындау толықтығының дәрежесі;

-негізгі кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруі;

-манипуляцияларды орындау сапасы;

- тәжірибе күнделігіндегі жазбаның толықтығы;

- пациентпен жұмыс жасау қабілеті;

- аттестация кезіндегі жеке тапсырманы және манипуляцияларды орындау сапасы

 -тәжірибенің қорытынды есебі, оның мазмұны мен безендіру сапасы;

Кәсіптік тәжірибе қорытындысын шығару 2 кезеңнен тұрады:

-1-шісі емдеу-алдын-алу мекемелерінің жалпы және тікелей басшыларының қатысуымен практика өткен емдеу мекемелерінде;

- 2-шісі колледждің базасында тәжірибеге дейінгі кабинеттерде, тәжірибеден өтіп келген білім алушылардың игерілген білімдерін ауызша сұрақ-жауап алу арқылы, комиссия мүшелері қорытынды жасайды. Тәжірибе жетекшісі тәжірибе тапсырған білім алушының бағасын комиссия мүшелерімен ақылдаса келіп, тәжірибе ведомосына түсіреді. Бағалау жүйесі: 5 (өте жақсы), 4 (жақсы), 3 (қанағаттанарлық), 2 (қанағаттанарлықсыз).

Тәжірибе жетекшісі оқу топтары бойынша тәжірибе бөліміне әр семестр сайын тәжірибенің қорытынды есебін береді. Тәжірибе бөлімі педагогикалық кеңесте қорытынды есебін талқылайды.

 

0301033«Жалпы пркатика мейіргері» біліктілігі бойынша ММ  Кәсіптік дайындық 2015 жылғы МЖМБС

Атауы

сем.

Апта

1

Өндірістік оқу

 

8

1.1

Науқастарды күту бойынша мейіргерлік ӨО

4

2

1.2

Мейіргер ісі бойынша

6

2

1.3

Мейіргер ісіндегі терапия,педиатрия,акушерия және гинекология,хирургия бойынша ӨО

7

4

1.4

 

 

2

2

Кәсіптік іс-тәжірибе

 

8

2.1

Терапиядағы мейіргер ісі бойынша КТ

8

2

2.2

Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі

8

2

2.3

Педиатриядағы мейіргер ісі бойынша КТ

8

2

2.4

Акушерия және гинекологиядағы мейіргер ісі.

8

2

 

0301013«Фельдшер» біліктілігі бойынша ММ  Кәсіптік дайындық

2015 жылғы МЖМБС

 

Атауы

сем.

Апта

1

Өндірістік оқу

 

10

1.1

Мейіргер ісі бойынша науқастарды күту

4

2

1.2

Ішкі аурулар пропедевтикасы

5

2

1.3

Ішкі аурулар және хирургия

6

2

1.4

Акушерия және балалар аурулары

7

2

1,5

ЖМКС

7

2

2

Кәсіби тәжірибе

 

10

2.1

Ішкі аурулар

8

2

2.2

Хирургиялық аурулар

8

2

2.3

Акушерлік және  гинекология

8

2

2.4

Балалар аурулары

8

2

2.5

ЖМКС

8

2

 Білім алушылары кәсіптік тәжірибені келісім-шартқа отырған медициналық мекемелерде өтеді. Сонымен қатар, мекемелерден  келіп түскен сұраныс хаттар негізінде де  білім алушылар өз тәжірибелерінен өте алады.

      Тәжірибеден өту кезінде колледжден алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби даярлығында жетістіктерімен көзге түсіп жұмысқа орналасқан білім алушыларда бар.       Колледж білім алушыларының кәсіби тәжірибе өтетін практикадан өту базаларының 25   әлеуметтік серіктестерімен бес жыл  мерзімге   3-жақты келісім шартқа отырған.

Колледж  білім беру бағдарламарын жүзеге асыру мақсатында, оқу үрдісінде емдеу мекемелерінде колданылатын заманауи құрылғылар мен инструменттерді пайдалануға ұмтылуда.

 

Колледждің кәсіби тәжірибе өтетін әлеуметтік серіктестерінің тізімі.

1.      Облыстық медициналық орталық

2.      Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

3.      Облыстық тері аурулары ауруханасы

4.      Облыстық балалар ауруханасы

5.      Жедел жәрдем медициналық көмек стансасы

6.      Жедел медициналық көмек ауруханасы

7.      Облыстық ана мен бала арталығы

8.      №3 қалалық емханасы

9.      №1 қалалық емханасы

10.    Клиника «Жанар»

11.    Облыстық мамандандырылған балалар үйі

12.    Облыстық неврологиялық аурухана

13.    Қызылорда теміржол ауруханасы

14.    №4  қалалық емханасы

15.    «Абзал-Мед» медициналық орталығы

16.    ЖШС «Клиника Аскадио»

17.    Қалалық емхана«Сенім»

18.    Жаңақорған аудандық ауруханасы

19.    Шиелі аудандық ауруханасы

20.    Сырдария аудандық ауруханасы

21.    Қармақшы  аудандық ауруханасы

22.    Жалағаш оаудандық ауруханасы

23.    Арал аудандық ауруханасы

24.    Қазалы  аудандық ауруханасы

25.    Қазалы теміржол ауруханасы

Колледж студенттерін клиникалық базаларда мейірбандылықпен қарсы алады, барлық емдеу-диагностикалау манипуляцияларына қатысуға рұқсат берілген. Студенттеріміз емделушілерді күтуде елеулі көмек көрсетуде.

Практикалардың барлық түрі бойынша типтік және жұмыс бағдар-ламалары бар, олардың негізінде оқытушылармен жұмыс бағдарламалары жасалынған. Жұмыс бағдарламаларының мазмұндары оқу жоспарларының мақсаттарына, міндеттеріне, ерекшеліктеріне сәйкесіп, өз бетінше жұмыс істей алуға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға және шыңдауға бағытталған.

          Колледж кабинеттері мен зертханалары замануи  аппаратуралар мен және жабдықтармен жарақтандырылған, егде  пациенттер, жас  сәбилер күтімі бойынша, жүрек-өкпе реанимациясы бойынша, жүрек-өкпе  аускультациясы бойынша медициналық  тренажерлер, барлық манипуля-циялар мен бағдарламаларды  игеріп алуға мүмкіндік беретін   әмбебап  тренажерлер оқу жоспарларының мақсаттарына, міндеттеріне және  ерекшеліктеріне сәйкесіп, өздігінен жұмыс жасауға қажетті  біліктер мен дағдыларды  қалыптастыруға және  игеруге  бағытталған.

Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

 

ОҚУ БӨЛІМДЕРІ

PreviousNext

Мейіргер ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Абиева Ұлбосын Бексейітқызы

Дәрігер – терапевт.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, жалпы практика дәрігері, 2013 жыл.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша интернатура тәмамдаған, 2015жыл

Кешкі оқу бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Жабасахова Ұлжан Серікқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, ІІ санатты Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Мейірбике ісі бакалавры, 2012 жыл.

-          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының магистрі, 2017 жыл.

 

E-mail: Ulzhan.serikovna@mail.ru

 

Емдеу ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Шымбергенов Жасұлан Тасболатұлы

Дәрігер гигенист-эпидемиолог, І санатты педагог.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Дәрігер гигенист-эпидемиолог, 2006 жыл.

E-mail:zhasulan_orkeniet@mail.ru

Фотогалерея
Барлық суреттер