
Колледж тарихы
«Өркениет» медицина орталығы болып Денсаулық Білім және Спорт министрлігімен 1999 жылы 28 қыркүйекте №0000500 нөмерлі мемлекеттік лизенция негізінде құрылды. Оқуға қабылдау 2000-2001 оқу жылында төмендегі мамандықтар бойынша жүргізілді. 54 оқушы «Фельдшер-акушер» және 27 оқушы «Фармацевт-ассистент» мамандығы бойынша оқуға алғашқы оқушылар қабылданды. Басқару құрамы: директор А.Қ.Төрешева, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Күлімбетова, тәжірибе меңгерушісі Б.Е.Абдиканиева, әдіскер И.Н.Байменқызы және хатшы, есепші, лаборант, оқытушылар құрамы 23 жоғары білімді оқытушыдан құралды. «Өркениет» медицина колледжі ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2002 жылғы 27 тамызындағы АА №0010094 нөмерлі 03.08.2001 жылы №643 бұйрғымен бекітілген мерзімі шектелмеген мемлекеттік лизенция негізінде орта арнаулы білімді медициналық кадрлар дайындайды. Кадрлар дайындау мемлекеттік тілде жүргізіледі. Оқуға қабылдау 2002-2003 оқу жылында 0401022 «Фельдшер-акушер», 0407002 «Мейірбике ісі», 0403002 «Гигиена және эпидемиология», 0406012 «Фармация» мамандықтары бойынша қабылданды. 2004-2005 оқу жылында қабылдау негізгі және орта білім базасында жүргізілді. 0401002 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибелі фельдшер» біліктілігі, 0407002 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибелі мейірбике» біліктілігі, 0403002 «Гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша «Гигиенист-эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі» біліктілігі, 0406012 «Фармация» мамандықтары бойынша «Фармацевт» біліктілігі берілді. 2008 жылғы 16 сәуір Денсаулық сақтау саласындағы білім беру мекемелеріне мемлекеттік аттестациядан өткізу туралы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау Комитетінің №103 бұйрығына сәйкес 19-24 мамыр аралығында колледж мемлекеттік аттестациядан өтті және 2008 жылғы 16 сәуірдегі №109 бұйрығына сәйкес «Өркениет» медициналық колледжі мемлекеттік аттестациядан өтті. Нәтижесінде 0401002 «Емдеу ісі», 0407002 «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша 5 жылға аттестацияланды. 2009-2011 оқу жылдарында «Жол картасы» бағдарламасы аясында 0401002 «Емдеу ісі», 0407002 «Мейірбикке ісі» мамандықтары бойынша 100 оқушы қабылданды. Колледж директоры болып 1999 жылы құрылғаннан бастап 2012 жылға дейін дәрігер акушер-гинеколог Турешова Ақкенже Қонысбекқызы жұмыс істеп келді. 2012 жылдан бастап колледждің директоры болып жоғары категориялы денсаулық сақтау менеджменті, терапия пәнінен сабақ беретін жоғары дәрежедегі оқытушы, жоғары санаттағы дәрігер трапевт Кулимбетова Гүлнар Малибекқызы жұмыс істеп келе жатыр. Марапаттары: 1. «Денсаулық сақтау үздігіне» -1998ж. Төс белгісі 2. Денсаулық сақтау Министрлігінің мақтау грамотасы- 2002ж 3. Облыс әкімінің алғыс хаты -2003г 4. Қызылорда облысы Денсаулық сақтау Басқармасының мақтау грамотасы-2009ж. 5. Ұлттық бизнес рейтингінің «Экономика қайраткері» ордені -2016 ж. 6. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» медалі-2016ж 7. С.П.Боткин атындағы СНГ-2017ж. Мадақтау комитетінің «Науқасқа көмек көрсеткені үшін» медалі. |