

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепілі.Облыстық оқу орталығы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27- ақпан күні Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Жаңартылған бағдарлама:математика және жаратылыстану бағытындағы жаңа мазмұн" тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға "Өркениет" медицина колледжі оқытушысы Ж. Назарова "(CLIL) Кіріктірілген сабақтардың белсенді әдістемелерін Физика пәнін оқытуда қолдану" тақырыбында баяндама оқып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.