

Бүгін, колледжіміздің "Жастар ісі" жөніндегі комитеті жанынан құрылған "Айғаным" қыздар клубының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, қалалық "Сұлтан" мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Отызбаев Қайырбек Тоқтыбайұлымен "Исламдағы қыз баланың орны" тақырыбында колледж қыз балаларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында исламдағы қыз баланың орны мен рөлі, шариғат негізінде қыз балаға тыйым салынған іс -әрекеттер талқыланды. Білім алушылар тарапынан сауалдар қойылып,тұшымды жауаптар алынды.