

"Өркениет" медицина колледжінде студенттердің қарым-қатынас деңгейін нығайту, бір-бірін тануға мүмкіндік туғызу және жағымды ахуал тудыру мақсатында 1курс білім алушыларына колледж психологы Г.Б.Раймбаеваның ұйымдастыруымен "Әдемі күл,сыпайы жүр,сұлу ойла " тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Нәтижесінде студенттер өздерінің шынайы болмысын танытып, сезімталдығын, жұмсақтығын, кеңдігін көрсете білді.Сондай-ақ, тренингке қатысушылар тарапынан белсенділік пен сергектік байқалып ,анализ жасалды.