Басты бет

Енгізілді: 09.10.2019Қаралғаны: 5 рет
Дәстүрлі жалпы ата - аналар жиналысы

20 - қыркүйек күні "Өркениет" медицина колледжінде қыркүйек айында өткізілетін дәстүрлі жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,бөлім меңгерушісі, колледж психологы, колледж инспекторы және білім алушылардың ата - аналары қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Жайпанова сөз сөйлеп, 2019-2020 оқу жылында білім алушылардың алда тұрған міндеттерін, жаңа кредиттік технологияның ерекшеліктерін айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Қайназаров өз сөзінде ішкі тәртіп ережесімен және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану тиімділігін қарастыру, білім алушылардың негізгі құқықтарын,міндеттерін,колледж ғимаратында әкелуге тиым салынатын құралдар тізімін атап өтті. Жиналыста сөз сөйлеген колледж психологы Г.Райымбаева ЮНИСЕФ ұсынған Қызылорда облысы бойынша 2015-2019 жылдарға арналған кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алуға байланысты жаңадан бағдарламаның енгізілгенін айтты. Ата-аналарға психикалық денсаулық туралы мағлұматтар беріп, бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін түсіндірді. Сонымен қатар, білім алушылардан онлайн түрінде сауалнама алу үшін ата-аналарды ақпараттандыру,таныстыру жұмысы жүргізілді. Жиналыс барысында ата-аналар көкейлеріндегі сауалдарына жауаптар алып, пікірлесті.

ОҚУ БӨЛІМДЕРІ

PreviousNext

Мейіргер ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Абиева Ұлбосын Бексейітқызы

Дәрігер – терапевт.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, жалпы практика дәрігері, 2013 жыл.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша интернатура тәмамдаған, 2015жыл

Кешкі оқу бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Жабасахова Ұлжан Серікқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, ІІ санатты Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Мейірбике ісі бакалавры, 2012 жыл.

-          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының магистрі, 2017 жыл.

 

E-mail: Ulzhan.serikovna@mail.ru

 

Емдеу ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Шымбергенов Жасұлан Тасболатұлы

Дәрігер гигенист-эпидемиолог, І санатты педагог.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Дәрігер гигенист-эпидемиолог, 2006 жыл.

E-mail:zhasulan_orkeniet@mail.ru

Фотогалерея
Барлық суреттер