Басты бет

Енгізілді: 19.11.2019Қаралғаны: 119 рет
Студент қатарына қабылдау

 

 

Облыстық жастар ресурстық орталығында «Өркениет» медицина колледжі 1-курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға 1-курс студенттері ерекше белсенділікпен және құлшыныспен атсалысты. Салтанатты жиынды колледж директоры Гүлнар Мәлібекқызы ашып беріп, студент жастарды адал білім алуға, болашақ білікті маман болуға шақырды. Колледж білім алушыларын студенттер күнімен құттықтап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген білімді жастарға алғыс білдірді. Сонымен қатар,колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Жүндібайқызы 1-курс білім алушыларын мерекелерімен құттықтап, сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерін табыстады. Келесі кезеңде салтанатты жиын мерекелік кешке ұласып, студенттер өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік кеш соңында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Талғат Оспанұлы, "Волонтёрлар лигасы" ҚҚ- ның төрайымы Айсұлу Ерниязовалар сөз алып колледж студенттерін мерекелерімен құттықтады.

ОҚУ БӨЛІМДЕРІ

PreviousNext

Мейіргер ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Абиева Ұлбосын Бексейітқызы

Дәрігер – терапевт.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, жалпы практика дәрігері, 2013 жыл.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша интернатура тәмамдаған, 2015жыл

Кешкі оқу бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Жабасахова Ұлжан Серікқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, ІІ санатты Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Мейірбике ісі бакалавры, 2012 жыл.

-          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының магистрі, 2017 жыл.

 

E-mail: Ulzhan.serikovna@mail.ru

 

Емдеу ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Шымбергенов Жасұлан Тасболатұлы

Дәрігер гигенист-эпидемиолог, І санатты педагог.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Дәрігер гигенист-эпидемиолог, 2006 жыл.

E-mail:zhasulan_orkeniet@mail.ru

Фотогалерея
Барлық суреттер